
«Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ 45-бабының 6-тармағын «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан алып тастауға байланысты жоғарыда көрсетілген бұйрық әзірленді.
Бұйрық жобасы 2024 жылғы 24 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15066477).
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 7 маусымға дейін.