МКК мен құқық қорғау органдарының борышкерлердің қасақана банкроттығы мәселелері бойынша кездесуі

МКК мен құқық қорғау органдарының борышкерлердің қасақана банкроттығы мәселелері бойынша кездесуі

       2024 жылғы 29 мамырда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің алаңында ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі өкілдерінің, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттері мен Экономикалық тергеу департаменттерінің басшылық құрамының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

      Іс-шара МКК төрағасының орынбасары Ахметов Сейілжанның төрағалығымен өтті және борышкерлердің қасақана банкроттық белгілерін анықтау, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру кезінде бірыңғай тәсілдерді әзірлеу үшін жіберілді.

     Кездесу нәтижелі өтті, ұқсас бірлескен отырыстар, оның ішінде резонансты істерді талқылау тұрақты түрде жүзеге асыру жоспарлануда.