
Түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданған «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 509-бабы 4-тармағының төртінші бөлігін редакциясына сәйкес келтіру, атап айтқанда «кеден қоймасы үй-жайының» деген сөздер «ашық типтегі кеден қоймасы аумағының (үй-жайының) бір бөлігі» деген тұжырымдамасын өзгерту мақсатында әзірленді.
Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 28 мамырда https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15069677 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 11 маусымға дейін.