
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген, енгізілген өзгерістерге байланысты «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 330-бабы 1) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді және құзыретіне жоюдың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе кіретін уәкілетті органдар беретін жою тәсілі мен орны көрсетілетін қорытындыны беру қағидаларын айқындайды.
Бұйрық жобасы 2024 жылғы 28 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15069775.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 11 маусымға дейін.