Жаңа Салық кодексі жобасының нормалары бухгалтерлерге түсіндірілді

Жаңа Салық кодексі жобасының нормалары бухгалтерлерге түсіндірілді

       ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Жаныбек Нуржанов MyBuh.kz порталының Ореп Аіг форумына қатысты, онда жаңа Салық кодексі жобасының негізгі ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар іс-шараға ондаған сарапшылар, МКК және Атамекен өкілдері қатысты.

      Жаңа Салық кодексі айтарлықтай жеңілдетіледі деп болжануда: оның ережелері кәсіпкерлердің салық заңнамасының нормаларын түсінуін де, қолдануын да жеңілдетуге бағытталатын болады.

      Салықтық әкімшілендіру ҚР ҚМ МКК мен бизнес арасындағы әріптестік қатынастарға, сондай-ақ көптеген рәсімдерді цифрландыру арқылы бизнес шығындарын азайтуға бағытталатын болады. Сонымен қатар, цифрландыру көмегімен салық төлеуден жалтару тәуекелі барынша азайтылатын болады.

     Жаныбек Маулютбекович салықтық әкімшілендіру тәсілдерінің негізгі бағыттары туралы айтып берді:

     ШОБ субъектілерін тексеруді жүргізу мерзімдерін қысқарту – тексеруді тоқтата тұру мүмкіндігін екі реттен көп емес шектеу жоспарлануда;

    камералдық бақылау сақтық сипатында болады, алшақтықтар көрсетіледі;

     салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану берешек мөлшеріне қарай белгілену жоспарлануда. Егер бекітілген бір сомаға берешек болса, салық төлеушіге салық берешегінің бар екендігі туралы хабарлама жіберіледі. Егер берешек осы сомадан жоғары болса, онда хабарлама жіберіледі, ал өтелмеген жағдайда банктік шоттар бойынша шығыс операциялары тоқтатылып, инкассалық өкім қойылады;

     салық есептілігін қысқарту жоспарлануда.

      «Әкімшілендірудің негізгі мақсаты салық төлеушіге бұзушылық және қателерді өз бетінше түзету мүмкіндігі туралы ескерту болады», - деді Жаныбек Маулютбекович.

      Іс-шара барысында КТС, ҚҚС және басқа да салықтардың мөлшерлемелері, сондай-ақ арнайы салық режимдерінің өзгеруі талқыланды.

      Жоспарланған өзгерістерге түсініктеме бере отырып, ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары бұл әлі де ҚР Мәжілісі мен Сенатында қандай да бір өзгерістер болуы мүмкін екенін атап өтті.