
2024 жылғы 13 мамырда Алматы облысы Іле ауданы аумағында екі көлікпен контрафактілік темекі өнімдерін заңсыз тасымалдау фактісінің жолы кесілді. Құқық бұзушылықты Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен акцизделетін өнімдердің көлеңкелі айналымына жол бермеу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары аясында анықтады.
Тексеру нәтижесінде жалпы құны 150 млн теңгені құрайтын сәйкестендіру құралдары жоқ «Marshal» және «GM» маркалы 195 мыңнан астам қорап темекі (3,9 млн. дана темекі) анықталды. Төленбеген акциз сомасы 62 млн теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта барлық тексеру материалдары Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.