«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗІ (424)

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына   БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗІ (424)

 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) «Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 424 және «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 432 Жарлықтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2024 жылғы 17 сәуірдегі бекіткен Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру бойынша ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.

Жобаның мақсаты төрт жаңа аумақтық қазынашылық органдарын құру және бір аумақтық қазынашылық органын алып тастауын, сондай-ақ бес жаңа аумақтық мемлекеттік кірістер органдарын құру болып табылады.

Жоба 2024 жылғы 10 мамырда (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15038116) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

Жоба жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 21  мамырға дейін.