
Бүгінгі күні, 183 ел дүниежүзілік сауда-саттықтың 98% - ын құрайтын ДКҰ-ның қатысушылары болып табылады. Уақыт өте келе әлемде жаһандық экономикаға әсер ететін және өзгерістер енгізетін жаңа сын-қатерлер туындайды, бұл кеден саласына да өз әсерін тигізбей қоймайды. Кеден саласында бүгінгі күнгі қауіп-қатерлері: шекараларды қорғау және кедендік бақылауды күшейту, белгісіз ойыншылардың пайда болуына байланысты электрондық саудадағы қорғау мен қауіпсіздіктің күрделілігі, киберқауіпсіздік мәселелері, кедендік операцияларды басқарудың интеграциясы, сондай - ақ жеткізу тізбегіне елеулі әсер ететін жақында туындаған проблема - COVID-19 пандемиясы. Осы қатерлерге байланысты УЭО мәртебесін қайта қарау және беру, сондай-ақ УЭО осы мәртебеге ие болған кәсіпорындарға қатысты басқа мәселелер бойынша қажеттілік туындайды. Өз кезегінде барлық өзгерістер жүктерді ресімдеу тәртібін жеңілдетуге және тауарларды тасымалдау қауіпсіздігіне оң әсер етуі тиіс. УЭО - жан-жақты бағдарлама. Бүгінгі күні ДКҰ-на мүше 171 ел УЭО бағдарламасын іске асыру ниеті туралы хатқа қол қойды. Осы жағдайға байланысты, Қазақстанда халықаралық стандарттарға сапалық тұрғыда сәйкес болуға әрекеттер етуде.
Қазіргі уақытта COVID-19 пандемиясына байланысты көптеген мемлекеттік және жеке кәсіпорындар қашықтан жұмыс режиміне көшті. Осылайша, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті халықаралық іс – шараларды өткізудің жаңа форматына - халықаралық вебинарлар форматында өткізуде.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Уәкілетті экономикалық операторлардың қызметін жүзеге асыру» тақырыбында Орталық Азия елдерінің (Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы) кеден қызметтері өкілдерінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының өңірлік өкілдерінің қатысуымен онлайн режимінде халықаралық вебинар өткізуде.
Халықаралық вебинардың жұмысын ҚР ҚМ МКК әдіснама департаментінің директоры Әлия Жетібаева, Орталық Азияда бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарын құру USAID жобасының жетекшісі Джефф Райт және ДКҰ-ның сарапшысы Хонг Нгуен құттықтау сөзімен ашты. Вебинар жұмысына ДКҰ-ның басқа да сарапшылары да қатысуда.
Вебинардың модераторы – ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Абилова Ботагөз.
Вебинар 2 бөлімнен тұрады (бірінші бөлім 2020 жылғы 29-30 маусымда өтеді, екінші бөлім – 2020 жылғы 1 шілдеден 2 шілдеге дейін өтеді).
Вебинарды өткізу, бірінші кезекте, УЭО үздік тәжірибелерінің әлемдік тәжірибесін көрсетуге, вебинарға қатысушыларды УЭО бойынша ДКҰ-ның стандарттарымен, нұсқауларымен және құралдарымен таныстыруға, УЭО сақтау мәселелері бойынша Орталық Азия кеден әкімшіліктерінің тәжірибесімен танысуға мүмкіндік береді. Вебинар қатысушыларға УЭО институтын дамыту саласындағы өз құзыреттілігін арттыруға көмектеседі.