Мемлекеттік кірістер органдарына алғаш жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған қашықтықтан оқыту курсы

Мемлекеттік кірістер органдарына алғаш жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған қашықтықтан оқыту курсы

         2024 жылғы 11-24сәуір аралығында Оқу – әдістемелік орталығы (бұдан әрі-ОӘО) 1 (бір) жылға дейінгі жұмыс өтілі бар және кәсіби даярлау курстарынан өтпеген мемлекеттік кірістер органдарына алғашқы рет қабылданған қызметкерлер үшін қашықтықтан кәсіби даярлау курсын өткізді.
         Іс – шараның мақсаты - салық пен кеден саласында мемлекеттік кірістер органдарының алғаш қабылданған қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын қалыптастыру.   
        Курсқа тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

        Қашықтықтан оқыту курсында қатысушылар бағдарламаға сәйкес салықтық және кедендік әкімшілендіру  бойынша 22 тақырыпты зерделеді.

        Дәріскерлер ретінде ОӘО оқытушылар құрамы қатысты.
        Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде курс тыңдаушылары кәсіби даярлау бойынша қорытынды білім деңгейін анықтады.
        Қорытындысында 198 қатысушы курсты табысты аяқтағаны туралы электронды куәліктер алды.