
2024 жылғы 17 сәуірде сағат 17:00-де @press_kyzmet_kgd Instagram парақшасында «Жалпыға бірдей декларациялау. Мобильді аударымдар» тақырыбында тікелей эфир өтеді.
Сұрақтарға ҚР ҚМ МКК Жеке тұлғалардың табыстарын әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Гүлден Сейтахметқызы Хасенова сөз сөйлейді.
Модератор – Ергалиева Динара Есеналиевна, ҚР ҚМ МКК Жұртшылықпен байланыс басқармасының бас сарапшысы.
ҚР ҚМ МКК-нің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жазылып, ресми ақпаратқа ғана сеніңіз.