
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 606-1 бабының 2-тармағына сәйкес Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде, уәкілетті органға төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің белгілеген нысан бойынша ұсынады.
Осы бапқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2023 жылғы 13 сәуірдегі № 402 бұйрығымен бекітілген, «Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы қағидалары» әзірленген болатын.
2023 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістерге сәйкес, Cалық кодексінің 606-бабының 2-тармағының күші жойылды.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2023 жылғы 13 сәуірдегі № 402 бұйрығымен бекітілген, «Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы қағидаларының күші жойылды.
Бұйрық жобасы нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында аралығында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14960250).