
«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесіндегі техникалық ақауларға байланысты электрондық шот-фактуралар мен тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды жазып беру 2024 жылғы 3 сәуірде сағат 00:00-ден 11:50-ге дейін уақытша қолжетімсіз болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Сондықтан, салық төлеушілер:
- 2024 жылғы 3 сәуірден кейін күнтізбелік 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қағаз түрінде жазып берілген шот-фактураны;
- 2024 жылғы 3 сәуірден кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз түрінде рәсімделген тауарларға ілеспе жүкқұжатын «ЭШФ» ақпараттық жүйесіне енгізуге міндетті.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.