Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2024 жылғы 4 сәуірде жұмыс істемейді

Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері  2024 жылғы 4 сәуірде жұмыс істемейді

       Мемлкеттік кірістер комитеті, ҚХР-да «Цинмин» мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 4 сәуірде қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.

      Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

     Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.