«Мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды өткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету бойынша нақты айналым жасауды белгілеу және тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды пысықтау мақсатында тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарды анықтау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі»  тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді

2024 жылғы 27 – 28 наурыз аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару  және Салықтық әкімшілендіру департаменттерімен бірлесіп Polycom БКБ көрсетілім арқылы «Мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды өткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету бойынша нақты айналым жасауды белгілеу және тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды пысықтау мақсатында тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарды анықтау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі»  тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жұмыстар мен қызметтер көрсету бойынша нақты айналым жасауды белгілеу және тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды пысықтау мақсатында тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарды анықтау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жұмыстың принциптері, негіздері, тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру.

 Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Дәріскерлер ретінде;

- ҚР ҚМ МКК Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті Тәуекел-менеджмент басқармасының бас сарапшысы Зауырбекова Баян Болатқызы және Салықтық әкімшілендіру департаменті Қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасының сарапшысы Смайлов Парасат Қалдыбайұлы сөз сөйледі.

Семинардың қорытындысы бойынша 380 қатысушы біліктілігін арттырды.