Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталықпен бірлесіп 2024 жылғы 28 наурызда Түркістан және Қызылорда облыстарының Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері үшін семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – «Жалпыға бірдей декларациялау» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚРЗ 30.12.2022 ж. № 178 заңын түсіндіру.
Аталған семинарда Жоғарғы Соттың судьялары, аудандық, әкімшілік облыстық соттардың судьялары, мемлекеттік органдардың мүдделі қызметкерлері – 7 қызметкер, Облыстың білім басқармасы (облыстар және қалалар бойынша) – 10 қызметкер, «Атамекен» ҰКП (облыстар және қалалар бойынша т.б.) – 3 қызметкер, «Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (облыстар және қалалар бойынша т.б.) – 10 қызметкер, «Қарызсыз қоғам» жобасының консультанттары облыс бойынша – 15 қызметкер, жоғарыда аталған аумақтық МКД-ның жалпыға бірдей декларациялау және банкроттықты оңалту мәселелерімен тікелей айналысатын – 91 қызметкер қатысты.
Жалпыға бірдей декларациялау және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін, сондай-ақ соттан тыс және сот банкроттығы рәсімдерін қолдануды түсіндіру мақсатында оларды өткізу тәртібі мен шарттары спикерлер ретінде ҚР ҚМ МКК Өндірістік емес төлемдерді, активтер мен жеке тұлғалардың берешегін әкімшілендіру басқармасының басшысы Д.К. Құсайынова, ҚР ҚМ МКК Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы М.К. Сисембаева, ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Л.Т. Қасымқұлова, ҚР ҚМ МКК берешекпен және Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары А.Б. Рахметова, ҚР ҚМ МКК Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Г.С. Хасенова сөз сөйледі.
Семинар бағдарламасына сәйкес Түркістан облысы бойынша МКД базасында МКД қызметкерлерінің білім деңгейін анықтау мақсатында оқыту жүргізілді (тестілеу нәтижелері қоса беріледі).
Осылайша, көшпелі кездесулердің қорытындысы бойынша ЖБД және ЖТБ бойынша жұмыс тобы ауқымды жұмыс жүргізді: 280 тыңдаушыға семинар өткізді, оның ішінде Түркістан және Қызылорда облыстарының Мемлекеттік кірістер органдарының 91 қызметкері кәсіби біліктілігін арттырды.