Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 29 наурызда халыққа, соның ішінде судьяларға, «Қарызсыз қоғам» жобасының консультанттарына, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-на, сондай-ақ Жамбыл облысы мен Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді.
Іс-шараның мақсаты азаматтардың банкроттығын, оны іске асырудағы мәселелерді және оларды шешу жолдарын көздейтін заңның негізгі ережелерін халық арасында түсіндірумен тікелей айналысатын адамдарды оқыту, сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңін енгізу мәселелері болды.
Спикерлер ретінде Комитеттің жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Д.К. Құсайынова, Комитеттің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы
М. К. Сисембаева, Комитеттің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары А. Б. Рахметова болды.
Кездесу қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табысталды. Семинарда тыңдаушылардың қойылған сұрақтарына толық жауаптар берілді.