
Осы арқылы азаматтардың назарына «Электрондық үкімет порталында» «Ашық үкімет»- «Ашық НҚА» бөлімінде жария талқылау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 29 наурызындағы №169 бұйрығы (бұдан әрі - Бұйрық) орнастырылғанын жеткіземіз.
Бұйрық Салық кодексінің 634-бабының 4-тармағына өзгерту енгізуге әзірленіп, сондай-ақ жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларациядағы (нысан 270.00) мәлімделген мәліметтерді оңтайландыруға байланысты.
Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 наурызда №34189 тіркелінген.