
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу мен қайтару бойынша ең маңызды 12 сұраққа жауап әзірледі.
Жауап: Есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу күніне салықтың, бюджетке төленетін төлемнің аталған түрі, өсімпұл бойынша бюджетке төленген (өндіріп алынған) (есепке жатқызылғанды және қайтарылғанды шегергенде) және есептелген, есепке жазылған (азайтылғанды шегергенде) сомалары арасындағы оң айырма салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы болып табылады.
Жауап: Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде есепке жатқызу мен қайтаруды осындай өтінішті тіркеген күннен бастап есептелетін 5 жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Жауап: Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызуды тиісті салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл бойынша жеке шоттарды жүргізу орны бойынша және (немесе) жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдерді төлеу орны бойынша жүргізіледі.
Жауап: Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (қайтарылуға жатпайтын алымдар мен төлемақыларды қоспағанда), өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды мынадай тәртіппен:
тиісті салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл бойынша жеке шоттарды жүргізу орны бойынша – осындай жеке шоттардың мәліметтері негізінде;
жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдерді төлеу орны бойынша – тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген, жүзеге асырылуы үшін бюджетке төлемдерді төлеу көзделген әрекеттердің жасалмағанын растайтын, салық төлеуші ұсынған құжаттардың негізінде жүргізеді.
Жауап: Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды бюджетке салықтық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде оның банктік шотына жүргізеді.
Салық органы салықтық берешегі болған кезде есепке жатқызуға арналған салықтық өтінішті ұсынбастан, орын алған салықтық берешекті өтеу есебіне салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуды жүргізеді.
Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.
Жауап: Мыналар:
1) есепке жатқызуға жатпайды:
заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесі арасындағы есепке жатқызудан басқа, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы басқа салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне;
мемлекеттік баждың төленген сомасы;
2) есепке жатқызуға және қайтаруға:
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргені үшін алымның, консулдық алымның, жер учаскелерін пайдаланғаны, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде мемлекеттің жер қойнауы учаскесін бергені, жануарлар дүниесін пайдаланғаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомасы, осындай сомалардың қате төленген жағдайларын қоспағанда, есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайды.
Жауап: Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:
1) төлем құжатында төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;
2) екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;
3) ақша жөнелтуші – салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;
4) ақша жөнелтуші – салық төлеуші салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын кездегі сома салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы болып табылады.
Жауап: Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:
1) салық төлеушінің салықтық өтініші;
2) екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтініші;
3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы жасаған салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасының туындау себептері туралы хаттама бойынша жүргізіледі.
Жауап: Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:
салық төлеушінің салықтық өтініші, екінші деңгейдегі банктің өтініші ұсынылған;
салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Жауап: Кедендік алымдар сомасы артық төленген (артық өндіріп алынған) немесе қате төленген жағдайда есепке жатқызу (қайтару) жүргізіледі.
Жауап: Салық органы мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және тиісті мемлекеттік органның қайтарудың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжатының негізінде жүргізеді. Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды оның төленген жері бойынша салық органы қайтаруға арналған салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есепке жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банктік шотына жүргізеді.
Жауап: Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттар салық органына мемлекеттік баждың мұндай сомасы бюджетке төленген күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін ұсынылуға тиіс.