Техникалық құралдардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар

Техникалық құралдардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар

         2024 жылғы 18 – 20 наурыз аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Цифрландыру департаментімен бірлесіп «Техникалық құралдардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

        Іс-шараның мақсаты – Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне техникалық құралдардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдарды түсіндіру.

       Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

       Семинар тыңдаушылары үшін Polycom арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде: Батырханов Б.Ж. – ҚР ҚМ МКК Цифрлық департаменті IT-менеджмент басқармасының бас сарапшысы сөз сөйледі.

      Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

      Іс-шара қорытындысы бойынша қорытынды білімі өткізілді, 80 қатысушылар біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттарын алды.