ОНЛАЙН-СЕМИНАР

ОНЛАЙН-СЕМИНАР

         2024 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу – әдістемелік орталығы мен Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік Кеден комитетінің Кеден институты арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде халықаралық онлайн-семинар өткізілді.

       Онлайн-семинардың жұмысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығы (ҚР ҚМ МКК ОӘО) басшысының орынбасары Касымкулова Ляззат Турдакыновнаның құттықтау сөзінен басталды.

      Бұл семинардың мақсаты – елдеріміздің мүдделерін қорғауда шешуші рөл атқаратын кедендік заңнаманың сақталуын және шекаралық бақылауды қамтамасыз ету үшін кедендік бақылауды жүзеге асыру.

      Қазақстан тарапынан дәріскерлер ретінде ҚР ҚМ МКК ОӘО біліктілікті арттыру және кәсіптік даярлау бөлімінің бас мамандары: Айгелов А.Т., Акимов Б.Т., Касымбеков А.П. сөз сөйледі, Өзбекстан Республикасы Кеден институтының тарапынан Өзбекстан Республикасы Кеден комитетінің Кеден институтының біліктілікті арттыру факультетінің аға оқытушысы Турахаджаева Икбол сөз сөйледі.

     Бұл іс-шара қатысушыларға тәжірибе алмасуға және терең, құрылымдалған білім алуға мүмкіндік берді.