Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, салықтық тексерулерді тағанындау тәртібі

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, салықтық тексерулерді тағанындау тәртібі

        2024 жылғы 13 – 15 наурыз аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Аудит департаментінің   Салықтық аудит басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ арқылы «Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, салықтық тексерулерді тағанындау тәртібі» тақырыбында қашықтықтан семинар  өткізді.

       Іс-шараның мақсаты – салықтық тексерулер жүргізу бөлігінде салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы түсіндіру.

       Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

      Ағымдағы жылдың 14 наурызында сағат 10.00 семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ арқылы дәріс оқылды.

       Іс-шарада ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы  Бауржан Тажиевич Акимов модератор жұмысын атқарды.

       Дәріскерлер ретінде – ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті  салықтық аудит басқармасы басшысының орынбасары – Бинура Гаухарбековна Нарманова және ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті салықтық аудит басқармасының бас сарапшысы Еркебулан Жумагалиевич Сарбаев   қатысты.

      Қатысушылар салықтық тексерулер жүргізу бөлігіндегі салық заңнамасындағы негізгі өзгерістермен танысты, сондай-ақ дәріскерлер мен тыңдаушылар арасында сұрақтар мен жауаптар диалогі өтті.

      Семинардың қорытындысы бойынша  343 қатысушы біліктілігін арттырды.