
Бірыңғай терезе порталында СЭҚ қатысушысына бірыңғай нүкте арқылы аралас мемлекеттік органдар және ұйымдар (ҚР АШМ, ҚР ДСМ, ҚР ИДМ КТРМ, ҚР ЖПҚ КИР, ҚР ЭБЖМ, сәйкестікті растау жөніндегі органдар) беретін рұқсат құжаттарын электрондық түрде алуға рұқсат берілді.
2023 жылы Бірыңғай терезе порталында рұқсат құжаттарын алуға
240 мыңнан астам өтініш берілді.
«Қызметтерді автоматтандыру СЭҚ қатысушысына қызмет көрсету мерзімдерін 30-дан 5 күнге дейін қысқартып, құжаттарды алуға және кедендік рәсімдеуді жеделдетуге мүмкіндік берді» - деді Елдос Саудабаев ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясы барысында.