
2023 жылы ЕАЭО-ға Екі және одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тауарларды өткізу кезінде оларды қадағалау мүмкіндігін көздейтін тасымалдарды қадағалау үшін ЕАЭО-да навигациялық пломбаларды қолдану туралы Келісім күшіне енді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.
ЕЭК алаңында Келісімді іске асыру үшін қажетті шешімдердің жобаларын дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.