
Трансшекаралық сауда рәсімдерін оңайлату және транзиттік тасымалдарды ұлғайту мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Орталық Азия, Каспий өңірі және Закавказье елдерінің көлік дәліздерін дамыту шеңберінде транзит рәсімдерін оңайлату туралы Тұжырымдама мен Көпжақты келісімнің жобалары әзірленді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.
Бұл жобалардың негізгі мақсаты өңір елдерінде қағазсыз транзит экожүйесін енгізу болып табылады.