Автомобиль өткізу пункттерінде өткізу қабілеті артты

Автомобиль өткізу пункттерінде өткізу қабілеті артты

        2024 жылы тек қаңтар-ақпан айларында үшінші елдермен (Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан) шекарадағы автомобиль өткізу пункттері арқылы
162 мыңнан астам автокөлік құралдары өтті.

       Сонымен қатар, 2023 жылы 1 млн.астам автокөлік құралдары (ҚР–на – 579 263 автокөлік құралы; ҚР-дан – 451 293 автокөлік құралдары) жүрді.

      «2022 жылы 639 мыңнан астам автокөлік жүрді (ҚР- на – 340 499 автокөлік құралдары, ҚР-дан – 299 086 автокөлік құралдары). Осылайша, өткізу қабілеттілігі 61% артты», - деді  Елдос Саудабаев ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясы барысында.  

      2023 жылғы 24 қарашадан бастап «Нұр Жолы» ҚХР шекарасындағы ең ірі автомобиль өткізу пункті пилоттық режимде тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды.