Өткізу пункттерінде ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдары үшін арнайы рұқсаттар беру бойынша

Өткізу пункттерінде ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдары үшін арнайы рұқсаттар беру бойынша

        Бүгінгі күні Мемлекеттік кірістер комитеті Автомобиль көлігі комитетімен бірлесіп, тікелей өткізу пункттерінде ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсаттар беру мәселесін пысықтады.

       «Бұған дейін арнайы рұқсаттар беру 2 жұмыс күні ішінде қаралған жұмыс сағаттары мен күндерінде жүзеге асырылған болатын. Енді осы рұқсаттарды беру тәулік бойы, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жүзеге асырылатын болады», - деді  Елдос Саудабаев ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясы барысында.