
Мемлекеттік кірістер комитеті Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетімен бірлесіп ҚХР-мен шекарада «Qoldau.kz» платформада шетелдік рұқсат бланкілерін беруді автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілді, ол адами факторды жоққа шығаруға және шетелдік рұқсат бланкілерін тікелей өткізу пункттерінде алуға мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.
Сервисті пайдалану нәтижесінде сервисті ақпараттық жүйелермен, оның ішінде электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесімен интеграциялау есебінен мемлекеттік қызмет көрсету процесі оңтайландырылды, шетелдік рұқсат бланкілерін бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық факторы жойылды, сондай-ақ нарықтағы отандық тасымалдаушылардың үлесі ұлғайды (шамамен 55-тен 70% - ға дейін).
Шетелдік рұқсат бланкілерін беру бюджетке түсетін 1 АЕК үшін жүзеге асырылады.
Сервис іске қосылған сәттен бастап (Пилоттық жоба 2023 жылғы 26 сәуірден басталды) 106 мыңнан астам шетелдік рұқсат бланкілерін берілді.
Пилоттық жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, оны іске асыру мерзімдерін 2025 жылдың 2 тоқсанының соңына дейін ұзарту, сондай-ақ ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Мемлекеттік шекараның қазақстан-өзбекстан учаскесінде осындай пилоттық жобаны іске қосу мәселесі пысықталуда.