
Үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы 2023 жылы 111,3 млрд. АҚШ долл. құрады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.
Оның ішінде экспорт 67,6 млрд. АҚШ долл., импорт-43,7 млрд. АҚШ долл.
ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 31,5 млрд. АҚШ долл. құрады, оның ішінде экспорт 14,7 млрд. АҚШ долл., импорт - 16,8 млрд. АҚШ доллары.