2023 жылы 4,1 трлн.теңге кедендік төлемдер мен салықтар түскен

2023 жылы 4,1 трлн.теңге кедендік төлемдер мен салықтар түскен

        2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке
4,1 трлн.теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар түскен. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады. 

      2021 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны +78% (2 296,4 млрд.теңге), 2022 жылмен салыстырғанда +18% (3 452,8 млрд. теңгені) құрады.

     2023 жылы экспорттық кедендік алымдарды есепке алмағанда кедендік төлемдер мен салықтар 2 401 млрд. теңге түсті. 2021 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны +92% (1 247,5 млрд.теңге), ал 2022 жылмен салыстырғанда +34% (1 792,3 млрд. теңге) құрады.

     Кедендік әкімшілендіру шаралары есебінен бюджетке қосымша –
149,6 млрд. теңге өндірілді.