Біржан Жолдасұлы Үсембаев Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінде хабарлады.
Біржан Жолдасұлы Үсембаев - 1975 жылы туған, білімі бойынша- ғалым агроном, менеджер. Көкшетау ауыл шаруашылығы университетін, С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Ақмола облысы Есіл ауданы бойынша Салық комитетінде бастап, бас маман, бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
2004 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, 2006 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің түрлі бөлімдерінің басшысы болып жұмыс істеді.
2009 жылдан бастап Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің, 2011 жылдан бастап Ақмола облысы бойынша Салық департаментінің Өндірістік емес төлемдерді және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы болған.
2013 жылдан бастап Ақмола облысы бойынша Салық департаментінің Атбасар ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.
2014 жылдың қарашасынан бастап Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Атбасар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, Ақкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеді.
2018 жылдан бастап Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымын атқарған.