
2024 жылғы 12-16 ақпан аралығында Жаһандық бағдарлама аясында БҰҰ ЕҚБ және ДКҰ Контейнерлік бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері үшін оқыту семинары өтті.
Салемдеме сөзімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары – Ләззат Турдакыновна Касымкулова сөз сөйледі.
Бұл семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің заңсыз есірткі айналымы үшін контрабандалық және басқа да көлік құралдарын анықтау, қауіптілігі жоғары жүктерді тексерудің кедендік бақылау жүйелері заманауи әдістерін қолдану бойынша теориялық білімдерін бекіту. Сарапшы ретінде ДКҰ сарапшылары Рафаэль Прик пен Светлон Савоф қатысты.
Оқыту барысында қатысушыларға халықаралық стандарттар, экспорттық бақылау қағидаттары, контрабандамен және есірткінің заңсыз айналымымен күрестің заманауи үлгілері туралы ақпарат берілді.
Шара жоспарланған бағдарлама аясында сәтті өтті. Семинар соңында қатысушыларға біліктіліктерін табысты арттырғаны жөнінде сертификаттары берілді.