Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету

Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету

       2023 жылғы 26 ақпан 1 наурыз аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығында Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық қызметкерлері үшін «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» тақырыбында арнайы курс өткізілді.

      Курстың негізгі мақсаты – шекара бекеттеріндегі бақылау сапасын арттыру, бұл жабдық пен экипаждың біріктірілген жүйесі болып табылады және РТҚ операторлары ұсынылған құжаттардың мазмұны туралы ақпаратпен сканерленген суреттерге біліктілік талдауын жүргізеді.

     Сабақта «Есірткіге қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдарына арналған интерактивті компьютерлік білім беру бағдарламасы» (TADOC)  пысықталды. Бұл бағдарламалық қамтамассыз ету мемлекеттік кірістер қызметкерлерін    автокөлік құралдарын тексеру, контейнерлерді тексеру, жеке тұлғаларды тексеру, әуе көлігін тексеру, сауалнама жүргізу бағыттары бойынша оқытуға мүмкіндік береді.

      Білімдерін бекіту үшін қатысушылар «Әуежай-Астана» кеден бекетінде практикалық оқудан өтті. Демонстрациялық үлгілерде (муляж), есірткі, тыйым салынған, жарылғыш заттарды, түрлі елдердің валютасын, зергерлік бұйымдардың (түрлі үлгідегі алтын, күміс) және гауһар тастардың, «Rapiscan» аппаратындағы рентген суреттерін егжей-тегжейлі талдаудан өткізді. Оқу барысында курс қатысушылары жарылғыш заттарды анықтау бойынша жоғары нәтижелер көрсетті.

      Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға қорытынды тестілеу өткізілді, Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық 10 қызметкеріне курстан сәтті өткендігі туралы сертификаттар табысталды.