Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы Министрлігі жанындағы Кеден комитеті төрағаларының екі жақты кездесуі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы Министрлігі жанындағы Кеден комитеті төрағаларының екі жақты кездесуі

2024 жылғы 29 ақпанда «Жібек Жолы» кеден бекетінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы Министрлігі жанындағы Кеден комитеті төрағаларының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы екі жақты кездесуінің тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы кеден қызметтері өкілдерінің жұмыс тобының бірінші тоқсан сайынғы көшпелі отырысы өтті, онда Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов қатысты.

Қазақстандық тарапты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов, өзбекстандық тарапты ЭҚМ жанындағы Кеден комитеті Төрағасының орынбасары Отабек Ибрагимов басқарды.

Кездесуде кедендік рәсімдерді оңайлату, инфрақұрылымды жақсарту және цифрландыру, оның ішінде «Жібек Жолы» өткізу пунктін қайта құру перспективалары және оны жаңғыртуға байланысты «Гишткуприк» өткізу пунктін уақытша жабу мәселелері қаралды.

Кездесу аясында делегация Құрылыс және реконструкциялау жұмыстарының ағымдағы барысымен танысу мақсатында «Гишткуприк» (РУ), «Қапланбек» (ҚР) – «Навои» (РУ) және "Қазығұрт" (ҚР) өткізу пункттерін қарап шықты. Осы шаралардың барлығы екі елдің азаматтарының, автокөліктері мен жүктерінің өтуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы Министрлігі жанындағы Кеден комитеті төрағаларының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы екіжақты кездесуінің қорытындылары бойынша берілген тапсырмаларды іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтті және өзара мүдделілік білдіретін екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау үшін осындай кездесулер өткізу тәжірибесін жалғастыруға уағдаласты.