Алматы облысында, шетел азаматымен 104 мың юані сомасындағы декларациялауды жалтару фактісінің алды алынды

Алматы облысында, шетел азаматымен 104 мың юані сомасындағы декларациялауды жалтару фактісінің алды алынды

        Алматы облысына декларацияланбаған 104 мың юаньді заңсыз алып өтуге ниеттенген.

       Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті “Қалжат” кеден бекетімен 2024 жылы 26 ақпанда кедендік тексеру барысында, шетел азаматымен жалпы сомасы 104 000 юаньді құрайтын немесе 14,4 мың. АҚШ доллары эквивалентіндегі ақша қаражатының міндетті кедендік декларациялаудан жалтару фактісі анықталды.

      “Қалжат” кеден бекеті лауазымды тұлғаларымен ҚР ӘҚБтК 551 бабы 3 бөлігімен әкімшілік өндірісі қозғалды. Әкімшілік ісі аяқталып, айыппұл сомасы өндірілді.

      Алматы облысы бойынша МКД, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 10 000 АҚШ доллары эквивалентінен асатын шетелдік қолма-қол валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын алып өтуге тыйым салынғанын, жоғарыда көрсетілген норманы бұзғаны үшін, сомасына қарай әкімшілік, немесе қылмыстық жауапкершілік қаралғанын ескертеді.

      Салық туралы толығырақ 1414/3 нөмірі бойынша немесе @almaty_obl_mkd. инстаграмм парақшасында.