
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1321 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 33817 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды:
- қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқоры түзетілген және қосымша ЭШФ (салық және азаматтық заңнамада белгіленген мерзімдерде) жазып беру мүмкіндігі алынып тасталды;
- өнім беруші санатына Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қосылды;
- ЭШФ валюталық шарттың нөмірін көрсететін жолмен толықтырылды (50 000 АҚШ долларынан жоғары).
- ТІЖ ресімдеу жөніндегі тауарлардың тізбесі «газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы, экологиялық отын»акцизделетін тауарлармен толықтырылды;
- ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу/әкету кезінде автомобиль өткізу пунктінде тасымалдаушы (жүргізуші, экспедитор, курьер) ТІЖ тіркеу нөмірін ұсынуды көздейді;
- әрбір автокөлік құралына ТІЖ-ды жеке ресімдеу.
Бұдан басқа, ТІЖ ресімдеу кезінде жекелеген жолдарды/бағандарды толтыру міндеттілігі енгізілді:
- ТІЖ-да автокөлік құралының мемлекеттік нөмірін көрсету;
- жүк жөнелтуші (алушы/тасымалдаушы) ЖСН/БСН бағандарын толтыруы, егер ол бейрезидент болып табылса (бейрезидент тасымалдаушының сәйкестендіру коды (нөмірі) көрсетіледі).
Сондай-ақ, өзге де нақтылаулар мен редакциялық түзетулер енгізілді.