«Астанада салықтық және кедендік әкімшілендірудегі цифрлық шешімдер талқыланды

«Астанада салықтық және кедендік әкімшілендірудегі цифрлық шешімдер талқыланды

2023 жылғы 14 желтоқсанда Астанада Мемлекеттік кірістер комитетінің цифрлық технологиялар нарығына қатысушылармен және екінші деңгейдегі банктермен кездесуі өтті. «Салық және кедендік әкімшілендірудегі цифрлық шешімдер» тақырыбы IT-компаниялар және екінші деңгейдегі банктер өкілдерімен кездесуде талқыланды.

Іс-шара аясында екінші деңгейдегі банктер мен IT-компаниялар озық технологияларды пайдалана отырып, бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.