Декларациялауға қалай дайындалу керек?

Декларациялауға қалай дайындалу керек?

       Декларацияны толтырар алдында, 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін     мынадай дайындық жұмыстарын жүргізу қажет:

       тиісті растайтын құжаттарды дайындау;

       нотариустармен несие шарттарын куәландыру;

        қаражатты (10 000 АЕК – 34,5 млн. теңгеден астам) банк шоттарына орналастыру;

       Қазақстандағы активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын мынадай сайттарға кіру арқылы тексеру:

       1) бағалы қағаздар бойынша https://portal.kacd.kz;

       2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kz; https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru;

      3) зияткерлік меншік объектілері бойынша, авторлық құқық https://gosreestr.kazpatent.kz;

     4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu әрекеттерді орындауды ұсынамыз.

     Дебиторлық/кредиторлық берешектің (несие шарты) болуы үшін Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу қажет.