Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін Ұлттық валютасы -теңге күнімен құттықтап, мереке құрметіне МКК қызметкерлерін «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, «Теңгеге 30 жыл» мерейтойлық медалімен, Қаржы министрінің құрмет грамотасымен марапаттады.
Сондай-ақ, цифрландыру күнін мерекелеу құрметіне еліміздің мемлекеттік секторында цифрландыруды дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Жандос Дүйсембиев, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін жұмысқа қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.
Мына қызметкерлер марапатталды!
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!