БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «Толысылған шарап, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 498 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасы

       «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, Екінші деңгейдегі банктердің кепіл саясатын жетілдіру, бағалау қызметі мен атқарушылық іс жүргізуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 38-ө Өкімі және «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 32-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы».

       Келесі өзгерістер енгізілді:

      Техникалық регламентке сәйкес алкоголь өнімдерінің түрлері анықталды, оның ішінде «сыра және сыра сусыны» сөздерінің орнына «сыра қайнату өнімдері» қолданылады.      

      Жоба мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14734860) орналасқан.

    Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2023 жылғы 16 қазанына дейін.

    Осыған байланысты Бұйрықтың бұл нормасы сәйкестендіруге жатады.