2023 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы мининстрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасы Данияр Жанәліновтың Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесуі өтті.
Кездесу аясында Тараптар кедендік және салықтық әкімшілендіру саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылады, пікір алмасты және осы мәселелерді талқылауға қызығушылық білдірді.
Кездесу достық және жылы атмосферада серіктестік пен бауырластық рухында өтті.