«Нұр жолы» және «Б. Қонысбаев» өткізу пункттерінде тауарларды шығару уақытына зерттеу жүргізілді

«Нұр жолы» және «Б. Қонысбаев» өткізу пункттерінде тауарларды шығару уақытына зерттеу жүргізілді

         2023 жылдың 14-22 тамызы аралығында «Нұр жолы» және
«Б. Қонысбаев» өткізу пункттерінде тауарларды шығарудың орташа уақытын айқындау бойынша іс-шаралар өткізілді.

        Зерттеу нәтижесі бойынша  тауарларды шығарудың орташа уақыты «Нұр жолы» өткізу пункттінде 1 сағат 33 минутты құрады, ал «Б. Қонысбаев» өткізу пунктінде 1 сағат 20 минутты құрады.

      Автомобиль өткізу пункттерінде тауарларды шығарудың орташа уақыты уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде тиісті кедендік рәсімде тауарлар шығарылғанға дейін шекаралық және кедендік бақылау аймағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне автокөлік құралдары кірген сәттен бастап есептеледі.

     Бұл ретте тауарларды шығарудың орташа уақытына мемлекеттік бақылаудан (шекаралық, кедендік, көліктік, ветеринариялық, фитосанитариялық, санитариялық-карантиндық, радиациялық бақылау) және кедендік декларациялаудан өтуге жұмсалатын уақыт кіреді.

     Зерттеу жүргізу «Сауда рәсімдерін оңайлату туралы» Дүниежүзілік сауда ұйымы келісімінің 7-бабы 6.1-тармағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау және агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеттерінің бірлескен бұйрығында көзделген.