Декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 7 күн қалды

Декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 7 күн қалды

        Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде 2023 жылы 250.00 нысанды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, оның ішінде директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады.

      Декларацияны электронды түрде тапсыру мерзімі 2023 жылдың
15 қыркүйегінде аяқталатынын еске саламыз. Декларацияны мына ресурстарда тапсыруға болады:

  • salyk.kz «Салық төлеушінің ​​кабинетінде»;
  • kz электрондық үкімет порталында;
  • e-Salyq Azamat, eGov mobile, HALYK BANK мобильді қосымшаларында.

      Нұсқаулық келесі сілтемелер бойынша қол жетімді:

      «E-Salyq Azamat» қосымшасындаhttps://youtu.be/A5vPs_y9DY0

     «HALYK BANK» қосымшасында - https://youtube.com/shorts/ui84rzU7HV4

     Декларацияны уақытында тапсыруды ұмытпаңыз!