
2023 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс шара өткізілді.
Агенттік өкілі Ж.Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістермен таныстырды. Енгізілген өзгерістер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіруге, оның ішінде алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға негізделген сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізуге бағытталған.
Ведомстваның өкілі соңғы түзетулерді, атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен кірістерінің сақталуын бақылау, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған тұлғаларды қорғауды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметін жетілдіру туралы түсіндірді.