
Құрметті салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 24.08.2023 жылы Астана қаласы уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде жүйені жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілетінін Сіздің назарыңызға жеткізеді. Көрсетілген уақыт аралығында ақпараттық жүйе қол жетімді болады.
Жүйені жаңарту 2021 жылғы қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде резервтелген тауарды виртуалды қоймадан (бұдан әрі – ВҚ) автоматты түрде есептен шығару мақсатында жүргізілетін болады:
Пилоттық режим кезінде барлық резервтерді автоматты түрде есептен шығару кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын қосымша хабарлаймыз:
1 кезең – резервтегі тауарлар бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін;
2 кезең – резервтегі тауарлар бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін;
3 кезең – резервтегі тауарлар бойынша 2023 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін.
Резервтен тауарларды есептен шығарудың 2-ші және 3-ші кезеңінің күндері туралы қосымша ақпарат орналастырылатын болады.