Ағымды жалдың 4-5 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ресми сапармен ЭЫДҰ сарапшылар тобы АҚШ салық басқармасы мен Канада салық агенттігінің ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі қызметкерлерімен бірге келді.
Сапардың мақсаты салықтық мақсаттарда ақпаратты автоматты түрде алмасу шеңберінде алынатын ақпаратты сақтаудың құпиялылығы мен кепілдігі тұрғысынан Қазақстанға бағалау жүргізу болды.
Айта кету керек, Комитет қызметкерлері 2021 жылы жабық шекаралар себебінен қашықтықтан жүргізілген алғашқы бағалаудың нәтижелерін растай алды.
Сарапшылар тобы Комитет қызметкерлерін даярлаудың жоғары деңгейін, сондай-ақ Ақпараттық жүйелер мен Комитеттің ақпараттық қауіпсіздігінің жеткілікті жоғары деңгейін атап өтті.
Бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық топ жұмыс істеп тұрған бірқатар «жұмсақ ұсыныстар» берді.
Бағалау Қазақстанның қаржы шоттары мен еларалық есептелік бойынша толыққанды автоматты ақпарат алмасуға дайын екендігін көрсетті.