
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) порталының жұмысына қатысты келесіні хабарлайды.
ЭШФ ақпараттық жүйесі серверлік жабдықтарындағы техникалық ақаулар жойылды. Жүйеде электрондық құжаттарды рәсімдеу, оның ішінде ЭШФ жазып беру және тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу 2023 жылғы 5 шілдеде сағат 05:00-ден бастап қолжетімді.
2023 жылғы 4 және 5 шілдеде жүйенің тоқтап қалуы кезеңінде «техникалық қателік немесе жоспарлы жұмыстар» себебінен бұрын қағаз түрінде жазылған құжаттарды ақпараттық жүйеге енгізу:
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі