«Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Жобаны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірледі.

Жобаны қабылдаудың мақсаты енгізілген өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Темекі өнімдерін, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотині бар сұйықтықты таңбалау таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін айқындау туралы» 2020 жылғы 30 қыркүйектегі                  № 623 қаулысын,сондай-ақ «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң өндірісі мен мұнай өнiмдерi айналымы саласында есептеуіш бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1177 қаулысын және «Арақтарға және айрықша арақтарға, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы»                № 187 қаулысын, «Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы                  № 187 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 25 наурыздағы              № 161 қаулысы күші жойылды деп тану болып табылады.

Жобаны әзірлеу енгізілген өзгерістерді ескере отырып, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні Заң нормаларына сәйкес келтіру мақсатында жүргізілді.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Іске асырудың мақсаты мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру болып табылады.

Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

Жоба мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14607766) орналасқан. 2023 жылы 29 маусымға дейінгі мерзімге орналастырылған.