МКК-де онлайн бақылау-касса машиналарының сәйкестігін тексеруге кеңес берді

МКК-де онлайн бақылау-касса машиналарының сәйкестігін тексеруге кеңес берді

       Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында фискалдық деректер операторларымен (ФДО), бақылау-касса машиналарын (БКМ) өндірушілерімен және жеткізушілерімен бірлесіп, деректерді онлайн-БКМ-нан ФДО-ның ("Қазақтелеком" АҚ, "Транстелеком" АҚ, "Jusan Mobile" АҚ, "КаР-Тел" ЖШС) серверіне беру 2.0.2 нұсқалы Хаттамасын жасау бойынша жұмыстар жүргізді.

       2.0.2 Хаттамасының артықшылығы:

  1. Клиенттің талабы бойынша фискалдық чекте сатып алушының ЖСН/БСН көрсету мүмкіндігі. Егер сатып алушының чегінде ЖСН немесе БСН көрсетілсе, онда 1 000 АЕК-тен асатын мәмілелер бойынша ҚҚС төлемейтіндер үшін мұндай чек электрондық шот-фактураның орнына корпоративтік табыс салығын шегеруге арналған растаушы құжат болып табылады.
  2. «Мобильді төлем» атты төлемнің жаңа түрі қосылды.
  3. Тауардың атауын көрсету мүмкіндігі.

        Салық заңнамасын сақтау мақсатында, онлайн-БКМ-ның Хаттаманың 2.0.2 нұсқасына сәйкестігін тексеру қажет.

        Егер онлайн-БКМ 2.0.2 Хаттамасынан басқа Хаттамаларда жұмыс істейтін болса, онлайн-БКМ-ді 2.0.2 нұсқасының Хаттамасына алдын ала қайта бағдарламалау қажет.

        Сондай-ақ, жалпыға бірдей 2.0.2 Хаттамасына көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде, 2023 жылғы 10 шілдеден бастап 1.2.4 нұсқалы хаттаманы бұғаттау жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

        «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 284-бабының 3-тармағына сәйкес бақылау – бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін бермеу не бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін тауарға немесе көрсетілетін қызметке төленген сомадан артық немесе кем сомаға беру – ескертуге әкеп соғады, ал бір жыл ішінде қайталап әрекет жасалған жағдайда айыппұл салынатынын қосымша хабарлаймыз.

       Сұрақтар бойынша онлайн-БКМ тіркелген ФДО байланыс орталығына мына нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

       - "Қазақтелеком " АҚ" – 8 800 080 00 51, 8 727 259 00 51, 8 7172 59 00 51;

       - "Транстелеком" АҚ – 8 7172 647-647 немесе 1702;

       - "Jusan Mobile" АҚ – 8 727 2 377-777;

       - "КаР-Тел" ЖШС – 8 727 321 03 03, 8 7172 73 83 83 немесе 2106.