
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 26 мамырдағы №547 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32600 болып тіркелді. Осы бұйрық нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингі шеңберінде әзірленді, Құқықтық мониторинг қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік құқықтық актілердің іске асырылу тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау мақсатында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес )жүргізіледі.
Бұйрықта мынадай бұйрықтарға өзгеріс енгізілді:
-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 8 ақпандағы № 139 бұйрыққа;
-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 ақпандағы № 162 бұйрық.