«Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салық салу»

«Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салық салу»

       2023 жылғы 29-30 мамыр аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі-ОӘО) Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің басқармаларымен бірлесіп, Polycom БКБ арқылы «Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салық салу» тақырыбында арнайы қашықтықтан курс өткізді.
      Іс-шараның мақсаты-мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін салық заңнамасындағы жаңалықтармен және өзгерістермен таныстыру және түсіндіру.
     Спикерлер ретінде сөз сөйледі:

  1. Смагулова Гүлмира Амиргалиевна - ӨЕТ ЖТжАСР ӘД жеке тұлғалардың арнайы салық режимдерін әкімшілендіру және кәсіпкерлік қызметі басқармасының басшысы;
  2.  Амантаева Рабига Оразбайқызы – ӨЕТ ЖТжАСР ӘД жеке тұлғалардың табыстарын жалпыға бірдей декларациялау және әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы.

     Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
     Семинар қорытындысы бойынша 122 қатысушы біліктілігін арттырды.